Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты: ел намысын кім қорғайды
Жарияланған күні:
Грек-рим күресінен Сербияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақ балуандары белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Федерацияның мәліметінше, қазанның 20-23 аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
Оған мына қазақ балуандары қатысады.
- 55 кг – Ерасыл Мамырбеков;
- 60 кг – Исхар Құрбаев;
- 63 кг – Нұрдәулет Қапас;
- 67 кг – Бағдат Сабаз;
- 72 кг – Мерей Маулитханов;
- 77 кг – Елдос Камелов;
- 82 кг – Омар Сатаев;
- 87 кг – Мақсат Сайлау;
- 97 кг – Юсуф Мациев;
- 130 кг – Джохар Узаров.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйекте Загребте өткен додада Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанып, Қазақстанға 26 жыл күткен алтын медальді сыйлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2297985-erkin-kuresten-zhastar-arasyndagy-alem-chempionaty-el-namysyn-qorgaityn-baluandar-belgili-boldy/