jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Күрес федерациясының вице-президенті жылдың үздік спорт жанашыры атанды

    Сабыржан Зайнидинов
    Сабыржан Зайнидинов. Фото: instagram.com/kazwrestling_official

    Қазақстан Күрес федерациясының вице-президенті Сабыржан Зайнидинов "Жылдың үздік спорт жанашыры" атағына ие болды. Бұл туралы федерацияның Instagram парақшасынан белгілі болды.

    "Бұл жоғары марапат оның грек-рим, еркін және әйелдер күресін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жас спортшыларды қолдауы және ұлттық әрі олимпиадалық күрес түрлерінің беделін арттыру жолындағы жүйелі еңбегі үшін берілді.

    Бұл марапат – оның спортқа деген шынайы жанашырлығы мен қажырлы еңбегінің нақты дәлелі. Қазақстан Күрес федерациясы ұжымы Сабыржан Зайнидиновты лайықты марапатымен құттықтап, алдағы жауапты қызметіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейді", - делінген хабарламада.

    Атап өту керек, Қазақстан Күрес федерациясының вице-президенті Сабыржан Зайнидинов меценат ретінде танымал. Жыл сайын Алматыдағы балалар үйлері мен қарттар үйіне және өзі дүниеге келген Қызылорда облысының  Жаңақорған ауданындағы мұқтаж жандарға көмек қолын созып келеді.

    Спорт саласында да жас спортшыларға қолдау көрсетіп, Алматы мен Қызылорда облысында өтетін халықаралық және республикалық жарыстарға меценат ретінде атсалысты.

    Күрес федерациясының вице-президенті жылдың үздік спорт жанашыры атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.