jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақ балуаны Албаниядағы рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды

    Болат Сақаев
    Болат Сақаев. Фото: olympic.kz

    Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев қола жүлдегер атанған.

    Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберген.

    Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түскен.

    Айта кетелік, Албаниядағы рейтингтік турнир 25 ақпанда басталды. Жарыс 1 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан бұл додада күрестің барлық түрінен сынға түседі.

    Бұған дейін Olympic.kz сайты турнирге қатысатын қазақ балуандардың тізімін жариялаған еді.

    Қазақ балуаны Албаниядағы рейтингтік турнирде қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.