jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирден 12 алтын алды

    Түркияда жүлделі болған спортшылар
    Түркияда жүлделі болған спортшылар. Фото: Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі

    Түркияның Анталия қаласында өткен Victory Cup халықаралық турнирінде Қазақстанның U17 және U20 жас санаттарындағы құрама командалары табысты өнер көрсетті. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды.

    Жиырмаға жуық елдің 800-ден астам спортшысы қатысқан турнирде Қазақстан балуандары 8 алтын, 9 күміс, 16 қола медаль еншіледі.

    Бозкілемге алдымен U17 жас санатындағы балуандарымыз шығып, күрестің үш түрі бойынша да жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

    Атап айтқанда, грек-рим күресінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Жаңажол Қуанышбек (51 кг), Асқар Нұрали (60 кг) және Төлеш Марлен (65 кг) өз салмақтарында топ жарып, команданың жалпы жеңісіне үлес қосты. Нәтижесінде бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орыннан көрінді. Әзербайжан екінші болса, Түркия үшінші орын алды.

    Осы қарқын еркін күресте де жалғасын тапты. Мәселен, Бақдәулет Ағабек (48 кг), Темірлан Мұрат (55 кг) және Әділет Рысбай (71 кг) алтын жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасының көшбасшылығын нығайтты. Жалпы есепте отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, бұл сында да бірінші орынға шықты.

    Қазақстан балуандары Түркиядағы турнирден 12 алтын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.