Бакудегі триумф: Бақдәулет Ағабек күрестен әлем чемпионы атанды (фото, видео)
Жарияланған күні:

Бакуде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Бақдәулет Ағабек алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бақдәулет Ағабек финалда Үндістан өкілі Аарьян Аарьянды 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Чемпиондыққа дейінгі қазақ балуанының жолы:
Бақдәулет іріктеу кезеңінде Тәжікстан өкілі Муслихиддин Ходжиевті 10:0, 1/8 финалда Болгария балуаны Эмир Джеватовты 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Ширек финалда Моңғолия өкілі Тэмүүлэн Усухбаярды небәрі 36 секундта 10:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда 2026 жылғы U17 Азия чемпионы, өзбекстандық Фаррух Махмудовтан 7:3 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін U17 әлем чемпионатында грек-рим күресінен Дияр Аманәлі топ жарған еді. Сондай-ақ грек-рим күресінің тағы бір өкілі Әли Алмас күміс жүлдегер атанған болатын.
Бұдан бөлек, Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, Інжу Баққожа қола жүлдегер атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2407145-tagy-eki-qazaq-balasy-kuresten-alem-chempionatynda-top-zhardy/
