jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әлем чемпионы атанған жас балуанға автокөлік сыйға тартылды (фото)

    Қазыбек Қалмағамбетов
    Қазыбек Қалмағамбетов. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

    Словакияда өткен күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) топ жарған Қазыбек Қалмағамбетов бүгін Ақтөбеге оралды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, әлем чемпионы атанған балуанды Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алған.

    Шарада облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов сөз сөйлеп, тарихи жеңіспен оралған спортшыға облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен көліктің кілтін табыстаған.

    "Қазыбек Қалмағамбетов – Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 санаты бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов U20 чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13:7 есебімен жеңді.

    Әлем чемпионы атанған жас балуанға автокөлік сыйға тартылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.