jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: балуан Начын Куулар Қазақстан қоржынына қола жүлде салды

    Балуан Начын Куулар
    Балуан Начын Куулар. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында еркін күрестен қазақстандық балуан Начын Куулар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    31 жастағы спортшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы белдесуінде жеңіліс тапқанымен, кейін жұбаныш белдесулері арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

    Қол медаль үшін өткен тартысты бәсекеде ол бірінші кезеңнен кейін ұтылып жатқанына қарамастан, соңында Солтүстік Корея өкілі Ким Хван Джинді 7:5 есебімен жеңді.

    65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үндістандық Суджит чемпион атанды. Күміс жүлдені тәжікстандық Абдулмажид Кудиев иеленді. Тағы бір қола медаль жапониялық Котаро Киёокаға бұйырды.

    Айта кетейік, бұл – Начын Куулар үшін алғашқы Азия ойындары. Ол Қазақстан құрамасына күрестен 2026 жылғы Азиаданың екінші медалін алып берді.

    Азиада-2026: балуан Начын Куулар Қазақстан қоржынына қола жүлде салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram