jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ризабек Айтмұхан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды

    Ризабек Айтмұхан
    Ризабек Айтмұхан. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда қазақ балуаны жарыс қожайыны Араш Йошидамен кездесті. Жекпе-жек жапон балуанының жеңісімен аяқталды. Есеп: 11:1.

    Бірінші кезеңде Йошида алты ұпай жинады. Үзілістен кейін Ризабек алғашқы ұпайын еншілегенімен, жапон балуаны басымдығын арттырып, техникалық жеңіспен кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

    Осылайша, Ризабек Айтмұхан жартылай финалға өте алмады. Кейіннен Йошида да ирандық балуан Амирали Азарпирадан 3:4 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының финалына шыға алмады. Сондықтан Ризабек Азия ойындарын медальсыз аяқтады.

    Қазақстанның тағы бір өкілі, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрданат Айтанов жұбаныш белдесуі арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Оған жапониялық балуан Ямато Огава қарсылас болды.

    Алайда Айтанов жарыс қожайынына 0:6 есебімен есе жіберді. Бірінші кезеңде Огава екі ұпай алса, екінші кезеңде тағы төрт ұпай қосты. Нәтижесінде, қазақ балуаны жұбаныш белдесуінде жеңіліп, қола жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

    Ризабек Айтмұхан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдесіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram