jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шұғыла Өмірбек күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Шұғыла Өмірбек
    Шұғыла Өмірбек. Фото: United World Wrestling

    Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Шұғыла Өмірбектің арқасында алғашқы медальді иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Шұғыла Өмірбек 53 кг дейінгі алмақ дәрежесінде өнер көрсетті, ол жақында өткен Азия ойындарында үздік бестікке енген болатын.

    Жастар арасындағы әлем чемпионатында спортшы ширек финалда жеңіліс тапты, алайда жұбаныш белдесулері арқылы қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

    Жүлде үшін өткен белдесуде қазақ балуаны украиналық Снежана Онуфриеваны 11:10 есебімен жеңді. Бұл – осы турнирдегі әйелдер ұлттық құрамасының алғашқы жүлдесі.

    Тағы бір қазақстандық Виктория Хусаинова (59 кг дейін) қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп, жүлдесіз қалды. Лаура Ғаниқызы (50 кг дейін), Ұлдана Тілеухан (68 кг дейін) және Алина Ертөстік (76 кг дейін) жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады.

    Шұғыла Өмірбек күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram