Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында қола медальға ие болды
Жарияланған күні:

Қазақстандық балуандар Айдос Сұлтанғали мен Исхар Курбаев грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Қос балуан қола медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигомен жолықты.
Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Сонымен бірге қазақстандық балуан Исхар Курбаев та әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалиттен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2447697-qazaqstandyq-eki-baluan-alem-chempionatynda-qola-medalga-ie-boldy/