Астанада Бағдат Сабаз Олимпиада жүлдегерін жеңіп, қола медаль алды
Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ҰОК.
Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін өткен белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әзірбайжандық Хасрат Джафаровпен күш сынасты.
Нәтижесінде Бағдат Сабаз қарсыласынан 8:5 есебімен басым түсіп, жарыста қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) және Айдос Сұлтанғали (60 келі) үздік үштіктен көрінген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2448366-astanada-bagdat-sabaz-olimpiada-zhuldegerin-zhengip-qola-medal-aldy/