jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Нұрқожа Қайпанов
    Нұрқожа Қайпанов. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақ балуаны 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде оның қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болды.

    Кездесу Шериевтің пайдасына 10:4 есебімен аяқталды. Осылайша, Қайпанов елордадағы әлем чемпионатында екінші орын алды.

    Бұл – Нұрқожа Қайпановтың әлем чемпионаттарындағы төртінші медалі. Ол алғаш рет 2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған болатын.

    2024 жылы спортшы мансабындағы ең басты жетістігіне қол жеткізіп, Тиранада (Албания) әлем чемпионы атанды. Бір жылдан соң Загребтегі (Хорватия) әлем біріншілігінде қола медаль еншіледі.

    Айта кетейік, бұған дейінгі үш жүлдені де Қайпанов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алған еді. Ал 74 келіде әлем чемпионатының медалін бірінші рет иеленіп отыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram