Мәскеуде Халықаралық футбол федерацияларының (ФИФА) Конгресі қарсаңында Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) елдерінің жиыны өтті. Онда Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков футбол ойнаған деп хабарлайды kff.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.
Басқосуда Канада, Мексика және АҚШ елдерінің 2026 жылғы Әлем чемпионатын бірге өткізу жөнінде өтініші таныстырылды. ФИФА-ның барлық мүшелері дауыс беру арқылы 2026 жылғы Әлем чемпионатының қай жерде өтетінін анықтайтын болады.
Шара аясында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен УЕФА президенті Александр Чеферин кездесуі өтті. Кездесуде УЕФА президенті алдағы төрт жылға арналған қазақстандық футболды дамыту стратегиясымен танысты.
Жиын аяқталған соң әртүрлі конфедерация өкілдерінің қатысуымен жолдастық турнир ұйымдастырылды. УЕФА құрамасына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков ойнады.
Қазақстан футбол федерациясының жетекшілері ертең Ресей астанасында өтетін ФИФА Конгрессіне қатысады. 2018 жылғы Әлем чемпионатының ашылу рәсімі 14 маусым күні «Лужники» (Мәскеу) стадионында өтеді.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737334-kazakstandyk-seneunik-lem-cempionatynda-futbol-ojnap-kajtty/