jitsu gif
Спорт

    Месси мен Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты

    : UGC

    Күні кеше Татарстанның Қазан қаласында әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінің Франция мен Аргентина құрамалары арасындағы алғашқы матчы өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

    Месси мен Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты
    Месси мен Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты: UGC

    "Қазань Арена" стадионында өткен маңызды кездесуде франциялық Антуан Гризманның 13 минутта пенальтиде тепкен добы қарсыластың қақпасына кіріп, есеп ашылды.

    41 минутта аргентиналық Анхель Ди Мария таразы басын теңестірді. Тіпті екінші тайм басында Мессидің командасы алға шықты.

    Габриэль Меркадо 48 минутта Франция қақпасына гол соғып, жанкүйерлеріне жеңістен үміт сыйлады.

    57 минутта француздар да әдемі голмен жауап қайырып, Бенжамин Павар есепті қайта теңестірді.

    Одан соң айналдырған 4 минут ішінде қатарынан 2 гол соғып, дубль жасаған Килиан Мбаппе Франция құрамасын екі ұпай басымдықпен алға шығарды.

    Ойын аяқталар тұста аргентиналық Серхио Агуэро есепті бір голға қысқартқанмен, нәтижені теңестіруге уақыт жетпеді.

    Сонымен, Франция құрамасы алғаш болып ширек финалға шықты. Олар енді Уругвай құрамасымен кездесу өткізеді.

    Месси мен Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.