jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Мадридтік "Реал" Испания суперкубогының жеңімпазы атанды

    : Instagram

    Мадридтік "Реал" Испания суперкубогын иеленді. Ақтық мәреде корольдік клуб "Атлетиконы" пенальти сериясы арқылы жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Реалдың" Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

    фото: Instagram/realmadrid
    фото: Instagram/realmadrid: Instagram

    Сауд Арабиясында өткен ойынның негізгі уақытында есеп ашылмағандықтан, төрешілер он бес минуттық экстра тайм белгіледі.

    Алайда "Атлетико" мен "Реал" футболшылары бұл жолы да бір-бірлерінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

    Ойын тағдыры пенальти сериясы арқылы шешілді.

    "Атлетико" футболшылары он бір метрлік айып добын сәтсіз орындап, корольдік клуб Испания суперкубогының жеңімпазы атанды.

    Нәтижесінде, мадритік "Реал" тарихынды аталған жүлдені он бірінші рет иеленді.

    Финалдық матчтың үздік ойыншысына берілетін марапатты Федерико Вальверде алды.

    Уругвайлық жас футболшы қақпашымен "бірге-бір" қалған "Атлетико" шабуылшысы Мораттаны шалып құлатып, 116 минутта алаңнан қуылғанын айта кету керек.

    Оның әрекетін әлеуметтік желіде "Реал" жанкүйерлері үлкен ерлікке теңеді.

    Еске сала кетейік, осыған дейін финалға берілген алғашқы жолдаманы мадридтік "Реал" жеңіп алған болатын. Корольдік ұжым "Валенсияны" 3:1 есебімен тізе бүктірді.

    Ал жартылай финалдың екінші ойынында "Барселона" мен "Атлетико" клутбары кездесті. Тартысты өткен матчта каталониялық клуб қарсыластарына 3:2 есебімен жол берді.

    Мадридтік "Реал" Испания суперкубогының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.