jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" клубы Кипр шабуылшысын 5 млн еуроға сатып алуы мүмкін

    : Instagram

    Қазақстандық "Астана" клубы Кипр ұлттық құрамасының шабуылшысы Пиерос Сотириуды жақын арада қатарына қосуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/pierossotiriou28
    Фото: Instagram/pierossotiriou28: Instagram

    БАҚ мәліметінше, елордалық ұжым футболшы үшін даниялық "Копенгаген" командасына 5 миллион еуро ұсынған.

    Kerkida.net хабарлауынша, шабуылдаушы бүгін Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жүрген "Астана" сапына қосылуы керек. Басылым егер барлығы ойдағыдай өтсе, 27 жастағы футболшының ауысуы орын алатындығын жазды.

    "Копенгаген" 27 жастағы Пиерос Сотириуді кипрлік "Апоэл" ұжымынан 2017 жылы 2 миллион 500 мың еуроға сатып алған.

    Футболшы даниялық клубпен 2022 жылдың маусым айына дейін келісім шартқа отырған.

    Пиерос Дания чемпионатында 2019/2020 маусымда 18 ойынға қатысып, 9 гол соғып, бір рет әріптесіне доп соғатын мүмкіндік сыйлаған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін "Ливерпуль" клубының бұрынғы ойыншысы, "Бенфика" командасының түлегі Тони Силваның қазақстандық клубқа ауысқанын жазған едік.

    Сонымен қатар алматылық "Қайраттың" "Хайдук" клубында өнер көрсететін 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Жайро да Сильва үшін екі жарым миллон еуро ұсынғаны хабарланған. Алайда ауысым әлі жүзеге асқан жоқ.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Астана" клубы Кипр шабуылшысын 5 млн еуроға сатып алуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.