Футболдан маусым-шілде айларына жоспарланған Еуропа чемпионатын 2021 жылға шегергелі жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпан айының аяғында-ақ ұйымдастыру комитеті турнирдің жоспарланған уақытқа сай 12 маусымда Рим қаласында өтетінін хабарлаған болатын.
"УЕФА коронавирус сұрақтары бойынша халықаралық және жергілікті билікпен үнемі байланыста. Бұл өзекті мәселе ұдайы біздің бақылауымызда", – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.
Кеше, 12 наурыз L'Équipe басылымы УЕФА Евро турнирін 2021 жылға шегеруге ниетті екені және бұл туралы 17 наурыз күні хабарлайтыны жайлы ақпарат жариялаған болатын.
Сол күні ұйым Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындарын өткізуге қатысты шешім қабылдайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Еуропа футбол қауымдастығы одағы (UEFA) Еуропа чемпионаты-2020 матчтарына қатысатын елдер билігінен коронавирустың таралуына қарамастан, турнирді белгіленген мерзімде өткізуге жағдай жасауды сұраған болатын.
Айта кету керек, ағылшын футбол командасының бас жаттықтырушы Микель Артетада COVID-19 вирусы расталғаннан соң, клубтың Лондондағы дайындық орталығы жабылды.
Сондай-ақ, футболдың әлемдік жұлдызына айналған Криштуану Роналду карантинге жабылды. Себебі оның «Ювентус» клубындағы командаласы Даниэль Руганиде коронавирус анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1845208-euro-2020-kelesi-zylga-segeriledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.