Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Исламханның алдағы үш жылда қай клубта өнер көрсететіні белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Біріккен Араб Әмірліктерінің чемпионатында өнер көрсететін "Аль-Айн" клубы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханмен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы: Depositphotos

Белгілі болғандай, футболшы шетел клубымен үш маусымға келісімшартқа отырған. Қазақстан құрамасының капитаны бұндай шешімге команданың бас бапкері Педро Эмануэльмен ақылдаса отырып, келген.

Сонымен қатар, Бауыржан Исламханның "Аль-Айн" ұжымына өткен аптада қосылғаны, қажетті тесттен толық өтіп қойғаны айтылды.

Өз кезегінде "Қайрат", "Тараз" және "Астана" клубтарының бұрынғы ойыншысы жаңа келісімшарт туралы ойын білдірді.

"Аль Айн" футбол клубына және бас бапкеріне менің қабілеттеріме жоғары баға бергені үшін алғыс айтқым келеді", - деді Исламхан.

Ол үлкен мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын және жергілікті және құрлықтық деңгейде жүлделерді жеңіп алуға үлесін қосатынын айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бауыржан Исламхан қаралымда болған санкт-петербургктік "Зенит" футболдан Ресей чемпионатының 2019/20 жылғы маусымын жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1867564-islamhanny-aldagy-s-zylda-kaj-klubta-ner-krsetetini-belgili-boldy-foto/

pixel