jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Месси «Барселонаның» кезекті жаттығуына тағы келмеді

    месси
    Көрнекі фото: www.rtlnieuws.nl

    Аты әлемге әйгілі футболшы, «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубтың 5 қыркүйекте өткен жаттығуына келмеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

    Аргентиналық ойыншы 7 қыркүйекте өтетін командалық жаттығуға қатысады деп жоспарланып отыр.

    Айта кетерлігі, Месси жақында ғана «Барселонада» тағы бір маусымға қалатынын мәлімдеген еді. Ол каталониялық клуб сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді.

    Футболшының әкесі Хорхе Орасио Месси «Барселона» президенті Жозеп Бартомеумен кездескеннен кейін, Лионель командада қалу туралы шешім қабылдаған.

    Ол енді каталониялық клубта тағы бір жыл доп тебеді. 2021 жылы жазда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде өзге командаға ауысады. 

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "Манчестер Сити" футбол клубы "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси үшін 200 миллион еуро төлеуге дайын болғаны туралы жазған едік.

    Бұл туралы журналист Танкерди Палмери в Twitter желісіндегі парақшасында мәлім етті.

    "Қалалықтар" аргентиналықтың трансфері туралы ресми ұсыныс дайындап жатқандығы атап өтілді.

    Сондай-ақ, футболдан Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері Рональд Куман жақын арада "Барселонаны" жаттықтыруы мүмкін екенін айтқан едік.

    Голландиялық маман каталониялықтармен екі жылға келісімшартқа отырмақ. Ол қазіргі уақытта "Барселонамен" келісімшартқа отырған.

    БАҚ: Месси «Барселонаның» кезекті жаттығуына тағы келмеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.