jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Бавария" қосымша уақытта гол соғып, УЕФА суперкубогін еншіледі (видео)

    Бавария 2020 суперкубок иегері
    Фото: twitter.com/ChampionsLeague

    Немістің "Бавария" футбол клубы қосымша уақытта испаниялық "Севильядан" басым түсіп, УЕФА суперкубогінің иегері атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Биылғы маусымның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы жеңімпаздарының кездесуі Венгрия астанасы Будапешттегі "Пушкаш-Арена" стадионында өтті. Матчқа көрермендердің қатысқанын айта кету керек.

    Ойынның 13-минутында испаниялықтар 11 метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алып, Лукас Окампос өз командасын алға шығарды. Дегенмен бавариялықтар шабуылын үдете түсіп, 34-минутта таразы басын теңестірді. Левандовскидің пасынан кейін Леон Горетцка допты қақпаға дәл бағыттады. Осылайша бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталды.

    Үзілістен кейін севилиялықтар ойынды қарқынды бастады. 46-минутта испаниялықтардың шабуылшысы Люк Де Йонг қарсыластың айып алаңында пас алып, бұрышқа керемет соққы бағыттаған. Алайда Мануэль Нойер өз шеберлігін тағы бір дәлелдеп, допты қайтарып үлгерді.

    Матчтың 51-минутында Роберт Левандовский гол соққан, алайда төреші бейнеқайталау жүйесінің көмегімен шабуылшының ойыннан тыс қалғанын анықтады.

    Ары қарай "Бавария" қарқынын үдетіп, жиі шабуыл ұйымдастырғанымен, севилиялықтар қорғаныста сауатты ойын көрсете білді. Реті келген кезде қарымта шабуыл ұйымдастырып, Нойердің қақпасына да біраз қауіп төндірді. Нәтижесінде екі команда да өз мүмкіндіктерін сәтті пайдалана алмай, ойынның негізгі уақытында таблодағы есеп өзгермеді.

    Севилиялықтардың қосымша уақытты да қарқынды бастағанын айта кету керек. Қарсыластың айып алаңына асырылған пастан кейін испаниялықтардың шабуылшысы Юссеф Эн-Несири қауіпті соққы жасаған. Алайда доп Нойердің қолына тиіп, қақпа бағанасынан кері серпілді.

    Матчтың 104-минутында "Бавария" бұрыштама көтеріп, ойынға тыңнан қосылған жартылай қорғаушы Хави Мартинес қарбалас сәтте гол соғып кетті.

    Осылайша, "Бавария" футбол клубы өз тарихында екінші рет суперкубоктің иегері атанып отыр. Бұған дейін олар аталған трофейге 2013 жылы қол жеткізген.

    Еске сала кетейік, бавариялықтар Чемпиондар лигасының финалында француздың ПСЖ командасын жеңген болатын.

    Оған дейін бірқатар БАҚ өкілдері франциялық ПСЖ-ның шабуылшысы Неймардың "РБ Лейпциг" командасының қорғаушысы Марсель Хальстенбергпен жейде алмасқаны үшін Чемпиондар лигасының финалына қатыспауы мүмкін екенін жазған.

    "Бавария" қосымша уақытта гол соғып, УЕФА суперкубогін еншіледі (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.