jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    12 еуропалық футбол клубы Суперлига құратыны туралы жариялады

    Доп1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Он екі еуропалық жетекші футбол клубы Суперлига құратыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    AFP агенттігі ұйымның баспасөз хабарламасына сілтеме жасап жаңа турнирді құрушы мүшелер қатарына ағылшындық "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити", "Тоттенхэм", "Ливерпуль", "Челси" және "Арсенал", испаниялық "Барселона", "Атлетико" және "Реал", италиялық "Милан", "Интер" және "Ювентус" кіргені туралы хабарлады.

    "Еуропаның он екі жетекші клубы бүгін жаңа Суперлига турнирін құру туралы келісімге келді. Ойындар апта ортасында өтпек, турнирді құрушы клубтар басқарады. Тағы үш клуб жақын арада басталатын бірінші маусым алдында құрушылар қатарына кірмек", – делінген баспасөз хабарламасында.

    Бұған бұрын Еуропа футбол одағы қауымдастығы (УЕФА), Англия, Испания және Италия елдері ұлттық футбол федерациялары басшылығы және осы елдер чемпионаты Суперлиганың құрылуына қарсы шыққан еді. Онда бұл клубтардың ұлттық турнирлер мүшелері қатарынан шығарылатыны және алдағы уақытта УЕФА атынан ойнай алмайтыны жөнінде айтылды.

    "Құрушы клубтар жаңа турнир, жалпы футбол болашағын жақсарту үшін УЕФА және Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) бірлескен әріптестікті талқылау мүмкіндігін күтіп отыр", – делінген баспасөз хабарламасында.

    "Реал" президенті Флорентино Перес суперлига басшысы болды, вице-президенттер – Андреа Аньелли ("Ювентус") және Джоэл Глейзер ("Манчестер Юнайтед").

    12 еуропалық футбол клубы Суперлига құратыны туралы жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.