jitsu gif
Спорт

    Чемпиондар лигасы: "Қайраттың" қарсыласы анықталды

    Қайрат
    Фото: instagram.com/pflkaz

    2021/22 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті деп хабарлайды Prosports.kz.

    Бұл турнирге биыл Қазақстан атынан алматылық "Қайрат" қатысады.

    Бұған дейін "Қайраттың" мына командалардың бірімен кездесетіні белгілі болған: "Шахтер" (Салигорск, Беларусь), "Нефтчи" (Баку, Әзірбайжан), "Маккаби" (Хайфа, Израиль) және "Теута" (Дуррес, Албания).

    Жеребе нәтижесі бойынша "Қайрат" алғашқы іріктеу кезеңінде "Маккаби" (Израиль) клубымен кездесетін болды. Алматылықтар алғашқы ойынды сырт алаңда өткізеді.

    Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулері 6, 7 шілдеде, ал қарымта ойындар 13, 14 шілдеде өтеді.

    Еске салсақ, бұған дейін "Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский қызметінен кеткені белгілі болған еді. Алексей Шпилевский ұжымды 2,5 жыл жаттықтырған.

    Алматылық командаға чемпиондық атақты сыйлаған беларусь маманы Германия Бундеслиганың екінші дивизионында өнер көрсететін "Эрцгебирге" клубының бас бапкері болды.

    Одан бөлек, футболдан Қазақстан бірінші лигасы аясында өткен матчта "Қайрат-Жастар" командасының қорғаушысы есінен танып қалған болатын.

    Лев Кургин кездесудің 20-шы минутында есін жоғалтқан. Дәрігерлер шұғыл түрде спортшыға алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны Алматы ауруханаларының біріне алып кетті.

    Чемпиондар лигасы: "Қайраттың" қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.