jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" бұрынғы бапкері ресейлік клубпен жаңа келісімшартқа отырды

    Александр Бородюк
    Александр Бородюк. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" бұрынғы бапкері Александр Бородюк Мәскеудің "Торпедосын" жаттықтыруды жалғастырады. Бапкер клубпен жаңа келісімшартқа отырған. Бұл туралы ресейлік клуб ресми сайтында хабарлады.

    Белгілі болғандай, 59 жастағы маманмен келісімшарт тағы бір маусымға жасалған.

    Бородюктің бапкерлік штабына Виктор Лосев, Николай Савичев, Андрей Каряка, Валерий Шереметов және Александр Шуленин кірген.

    Айта кетейік, Александр Бородюк "Торпедоны" 2021 жылдың наурыз айынан бері жаттықтырып келеді. Ол 2013-2014 жылдары да команданың бас бапкері болған еді.

    Одан бөлек Бородюк соңғы жылдары австралиялық "Хорнның", алматылық "Қайраттың" және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды.

    Ал "Торпедоға" келсек, команда Ұлттық футбол лигасының чемпионы атанып, келесі маусымда Ресей премьер-лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Ұжым 2005 жылдан бері алғаш рет жоғарғы лигаға шығып отыр.

    Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" бұрынғы бапкері ресейлік клубпен жаңа келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.