
27 жастағы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық "Висладан" кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Ол командаға тез бейімделіп, жартылай қорғаушылардың арасында көшбасшылардың бірі болды", - дейді польшалық клуб Георгий Жуков жайлы.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы "Висла" cапына 2020 жылдың қаңтар айында қосылған еді.
Георгий Жуков польшалық клубта 60 матч өткізіп, 1 гол соғып және 4 нәтижелі пасымен көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сенегал құрамасының жартылай қорғаушысы Садио Маненің "Ливерпуль" сапынан кетіп, "Бавария" сапына ауысқанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1976592-resmi-georgii-zukov-polsalyq-visladan-ketti/