Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садио Мане ресми түрде "Бавария" футболшысы атанды

Опубликовано:

Садьо Мане
Садьо Мане. Фото: fcbayern.com

Сенегалдық футболшы, англиялық "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Садио Мане Германияның "Бавария" клубына ауысты, деп хабарлайды Sports.ru.

30 жастағы футболшы мюнхендік клубпен 2025 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.

Бұған дейін "Баварияның" Мане үшін 32 миллион еуро, бонус ретінде тағы 9 миллион еуро төлеуге дайын екені белгілі болған еді.

Одан бөлек мюнхендік клуб футболшыға жылына 20 миллион еуро жалақы төлеуге әзер екенін хабарлаған болатын. Сенегалдық ойыншы "Ливерпуль" сапында 12 миллион еуро алған.

Айта кетейік, Садио Мане "Ливерпуль" клубында 2016 жылдан бері ойнады. Бұл кезеңде футболшы алты кубок ұтып алған. Олардың қатарында Чемпиондар лигасы мен АПЛ жүлдесі бар.

Өткен маусымда 30 жастағы футболшы барлық турнирде 50 матч өткізіп, 23 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1975265-sadio-mane-resmi-turde-bavariya-futbolsysy-atandy/

pixel