
Украина құрамасының жартылай қорғаушысы "Манчестер Ситиден" лондондық "Арсенал" клубына ауысты.
Бұл ақпаратты "Арсенал" футбол клубының баспасөз қызметі ресми сайтында растады.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Зинченконың бұрынғы командасы "Манчестер Сити" трансфер үшін 30+2 миллион фунт алады деген ақпарат тараған болатын.
25 жастағы футболшы 2017/18 жылғы маусымнан бастап Пеп Гвардиоланың қоластында өнер көрсетіп келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала "Романың" ойыншысы атанғанын жазған едік.
Белгілі болғандай, Аргентина құрамасының шабуылшысы туриндік "Ювентустен" римдік ұжымға тегін ауысқан.
Футболшы жаздың басында еркін агент атанған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1979876-ukraina-quramasynyn-zartylai-qorgausysy-londondyq-arsenal-oiynsysy-atandy/