Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пауло Дибала "Рома" футбол клубының ойыншысы атанды (фото)

Опубликовано:

Пауло Дибала
Пауло Дибала. Фото: "Рома" футбол клубының ресми сайты

Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала "Романың" ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Рома" клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Белгілі болғандай, Аргентина құрамасының шабуылшысы туриндік "Ювентустен" римдік ұжымға тегін ауысқан.

Футболшы жаздың басында еркін агент атанған еді.

Пауло Дибала Жозе Моуринью жаттықтыратын клубпен 3 жылға келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде 28 жастағы шабуылшының жалақысы жылына 6 миллион еуроны құрайтыны туралы ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1979394-paulo-dibala-roma-futbol-klubynyn-oiynsysy-atandy-foto/

pixel