jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    "Ақтөбе" ФК-ға 55 жыл

    Футбол өкілдері
    Фото: Parimatch Kazakhstan

    Ақтөбе, 2022 жылғы 19 тамыз – осы демалыс күндері "Ақтөбе" футбол клубы өзінің 55 жылдығын атап өтеді. Мереке аясында баспасөз конференциясын, клуб жанкүйерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар және отшашулар өткізу жоспарлануда.

    21 тамызда Қазақстанның ең атақты футбол клубтарының бірі – "Ақтөбенің" 55 жылдығы салтанатты түрде атап өтіледі. Жарты ғасыр ішінде клуб Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, Бірінші лиганың екі дүркін чемпионы, ҚР Суперкубогының үш дүркін иегері және Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды. Өз жетістіктерімен қатар клуб ең белсенді жанкүйерлерімен мақтана алады - 2006 жылдан бастап оны Қазақстаннан тыс жерлерге тараған "13-сектор" атты фанаттық қозғалысы қолдайды.

    Ерлан Жамантаев
    Ерлан Жамантаев. Фото: Parimatch Kazakhstan

    "Біз Ақтөбе облысының басшылығына осы іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені және шектеусіз мүмкіндіктер бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Өзінің туған күнін алаңда және жанкүйерлердің ортасында қарсы алу – әрбір клубқа мұндай құрмет көрсетіле бермейтінгіне сенімдімін. Сондай-ақ, біздің тұрақты серіктесімізге – Parimatch беттинг-компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Міне, үш маусым бойы біз спорттық-маркетинг саласында бірлесіп жұмыс істеп келеміз, және бұл серіктестік сөзсіз өз жемісін беруде. Бізді алдымызда әлі де көптеген қызықты жобалар мен жеңістер күтіп тұр деп ойлаймын", - деп атап өтті "Ақтөбе" ФК Басқарма Төрағасы Ерлан Жамантаев.

    Мерейтойды мерекелеу күні кездейсоқ таңдалған жоқ - дәл осы күні Қаланың бас стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының XIII турының матчы өтеді, онда "Ақтөбенің" қарсыласы шымкенттік "Ордабасы" командасы болады. Матчтан басқа клуб осы күнге шағын мерекелік іс-шара, жанкүйерлердің перфомансы, фан-сектормен мерекелік шаралар өткізу және отшашулар өткізуді жоспарлап отыр. Команда турнир кестесінде көшбасшылық ұстанымды сақтап қалу үшін матчқа қызу дайындалуда.

    Андрей Карпович
    Андрей Карпович. Фото: Parimatch Kazakhstan

    "Ақтөбе" футбол клубының негізі 1967 жылы қаланған және осы маусымда клуб өзінің 55 жылдығын атап өтеді. Мерейлі жас, әдемі сан.Осы уақыт ішінде клуб әртүрлі кезеңдерді бастан өткерді – жеңістері де, құлдырауы да болды, бірақ 2020 жылдан бастап "Ақтөбе" жоғары дивизионда сенімді түрде орныққан және чемпиондықтың бағытында жүруді жалғастыруда. Біздің биылғы мақсатымыз - УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама алу. Қазір біз турнир кестесінде бірінші орында тұрмыз және бәрі де біздің қолымызда", - деп "Ақтөбе" ФК бас бапкері Андрей Карпович болашаққа жоспарларымен бөлісті.

    Parimatch беттинг-компаниясы 2020 жылдан бастап "Ақтөбе" ФК басты демеушісі болып табылады. Осы уақыттың арасында бірлескен күш-жігермен көптеген жарқын іс-шаралар іске асырылды, олардың ішінде демеушілік және қайырымдылық жобалары да бар. Parimatch стадиондағы мерейтойлық матчта мини-футбол және армрестлинг аймақтары, сондай-ақ күш өлшегіштер ұсынылған, ол жерде кез-келген адам өз күшін сынап көре алады. Сонымен қатар, компания спорттық жарыстар, конкурстар мен викториналар өткізуді жоспарлап отыр, онда жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді.

    "55 жыл - ауыз толтырып айтатындай уақыт. Орташа статистикамен алғандағы адам өмірінің жартысынан да көп! "Ақтөбе" ФК үшін бұл жаңа белестерге бастайтын жол екеніне менің күмәнім жоқ. Біздің серіктестігіміз – әдеттегі жай ғана демеушілік емес, қазақстандық футболдың бүгіні мен болашағына қосқан үлесіміз екеніне қуаныштымын. Біз команда үшін шын жүректен жанкүйер боламыз, дұрыс стратегиялық шешімдер мен ұшқын шашқан голдар тілейміз", - деп түсініктеме берді Роман Бойко, CEO Parimatch Kazakhstan.

    Роман Бойко
    Роман Бойко. Фото: Parimatch Kazakhstan

    "Ақтөбе" ФК-ға 55 жыл

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.