Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадридтік дерби: "Атлетико" "Реалға" есе жіберді (видео)

Опубликовано:

Лука Модрич кезекті матчын өткізуде
Лука Модрич жасыл алаңда. Фото: twitter.com/ChampionsLeague/

Түнде футболдан Испания чемпионатының 6-турының орталық матчы өтті. "Атлетико" өз алаңында "Реал" клубын қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадридтік дерби "Ванда Метрополитано" стадионында болды.

Матчтағы есепті 18-минутта "Реал" шабуылшысы Родриго ашты. Оған корольдік клуб сапына жазғы ауысымда келіп қосылған Тчумани нәтижелі пас берді.

Бірінші таймның аяқталуына жақын қалғанда Карло Анчелотти шәкірттері есепті еселеді. Бұл жолы "Реалдың" жартылай қорғаушысы Вальверде мергендігімен көзге түсті.

Осыдан соң "Атлетико" бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен Тибо Куртуа қорғаған қақпаға гол дарыта алған жоқ. Тек матчтың аяқталуына он минут уақыт қалғанда "Атлетико" бұрыштама добын сәтті пайдаланып, есепті қысқарта алды.

Осылайша, тартысты өткен кездесу 1:2 есебімен "Реалдың" пайдасына шешілді.

Айта кетейік, 6-турдан кейін корольдік клуб 18 ұпай жинап, бірінші орында тұр. Кестенің екінші сатысында "Барселона" жайғасқан. Хавидің шәкірттерінде 15 ұпай бар. "Атлетико" 10 ұпаймен 7-орында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1988411-madridtik-derbi-atletiko-realga-ese-ziberdi-video/

pixel