Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері: Бірінші орын үшін барымызды саламыз

Опубликовано:

Адиев
Магомед Адиев баспасөз конференциясында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Беларусьпен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

"Ертең бізді қиын ойын күтіп тұр, оның маңыздылығын түсінеміз. Жігіттерді көптен бері көрмедік, мен бұрынғы матчтарда сезінген атмосфераны қайта сезгім келеді. Бір жағынан қиын ойын болса, екінші жағынан қайта кездесіп, жанкүйерлерімізбен қауышатынымызға қуаныштымыз", - деп сөзін бастады ол.

Адиев алдымен Қазақстан ұлттық құрамасының физикалық дайындығы туралы айтып өтті.

"Бізде үш-төрт күндік жаттығу болды, команданы бірдей формаға тұрақтандыру қиын. Бірақ кез келген команданың жағдайы бірдей, оның ішінде біздің қарсыластарымыз да бар. Бір жарым күн бойы тактикалық дайындықты пысықтадық. Бапкер әрқашан көп нәрсені қалайды, бірақ мен жұмысымды бұрынғыдай жалғастыруым керек. Ал, біздің жігіттерге келсек, Ахметов жарақатпен келіп, жаттығуға қатыса алмады. Ертеңгі матчқа ол шықпайды. Ал Қуаттың жағдайы жақсы, алаңға шығуға дайын", - деді бас бапкер.

Оның сөзінше, ертең ойында капитандық қызметті Асхат Тағыберген атқарады. Ал Бауыржан Зайнутдинов жартылай қорғаушы позициясында доп тебеді.

"Менің шабуылда да, қорғаныста да ойнайтын ойыншыны көрмегеніме көп болды. Бізде осындай жан-жақты ойыншының барына қуанамын. Ертең Бауыржан жартылай қорғаушы ретінде ойнайтын болады", - деді Адиев.

Бас бапкер карантиндік ережелерге байланысты құрама сапына қосыла алмаған Георгий Жуков туралы да пікір білдіруді ұмытпады.

"Бәріне өзі жауап берді деп ойлаймын. Ол ұлттық құраманы карантиннен төмен қойды", - деді Қазақстанның бас бапкері.

Сонымен қатар бас бапкер Беларуське қарсы ойыннан не күтетінін жеткізді.

"Біз ешқашан топтың басында болған емеспіз. Сондықтан мен жігіттерге осы сәттен ләззат алу керектігін айттым, өйткені бұл барлық адамдарда бола бермейтін мүмкіндік. Біз тек бірінші орынға таласуымыз қажет. Спортта тек алтын жарқырайды, сондықтан біз әрқашан осыған ұмтыламыз. Барлығы өз қолымызда. Мен жігіттердің осы сәттерден ләззат алғанын қалаймын. Ертең біз бұл турнирді мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамыз. Қандай жағдай болмасын, бар күшімізді саламыз.

Бұл өте нақты қарсылас, оңай емес, кез келген командаға қиындық тудыруы мүмкін. Менің ойымша, бұл оңай ойын болмайды, бірақ біз өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Әрбір жақсы және жаман нәрсенің аяғы болады", - деді Магомед Адиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1988963-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-birinsi-oryn-usin-barymyzdy-salamyz/

pixel