jitsu gif
Спорт

    Желіде тарихи жеңіске "балаша қуанған" Қазақстан футболшыларының видеосы тарады

    Футбол
    Қазақстан құрамасының футболшылары киім ауыстыратын бөлмеде. Видеодан кадр: Instagram/kff_team

    Әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының футболшыларының тарихи жетістікке "балаша қуанған" сәтін бейнелейтін видео тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Видео Instagram желісіндегі kff_team парақшасында жарияланды.

    Кадрдан "Астана-арена" стадионының киім ауыстыру бөлмесінде тарихи жетістікке қуанған футболшылар мен бапкерлерді байқауға болады.

    Сонымен қатар роликте ұлттық құрама ойыншысы Нұралы Әліптің Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барманқұловтың басынан сүйіп алған сәті де көрінеді.

    Видеоның астында оқырмандар көптеген пікір жазып қалыдрған. Олардың басым бөлігі жасыл алаңда барын салған футболшыларға алғысын білдірген. Арасында ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев пен федерация басшының еңбегі орасан екенін айтқандар да кездескен.

    Еске сала кетейік, кеше, 22 қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасының маңызды ойынында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Беларусь футболшыларын қабылдап, 2:1 есебімен тарихи жеңіске жетті.

    Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы өз тобында жеңімпаз атанып, УЕФА Ұлттар лигасының "В" лигасына шықты. Сонымен қатар біздің футболшылар 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жолдамасына таласу құқығына ие болды

    Желіде тарихи жеңіске "балаша қуанған" Қазақстан футболшыларының видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.