jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстанның Черногорияға қарсы құрамы белгілі болды

    Футзал
    Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Черногориямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

    Үш жарым жылдан астам уақыттан кейін үлкен футзал Алматыға қайта оралады. Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының біліктілігі шеңберінде Черногория құрамасына қарсы матч өткізеді.

    Командалар бір ай бұрын Черногория астанасы - Подгорицада кездесіп, Кака шәкірттері 5:1 есебімен жеңіске жетті.

    "Алдағы матчта жеңіске жету біздің құраманың келесі - элиталық раундқа шығуына кепілдік береді. Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы келесі жылдың көктемінде – 2023 жылдың 8 наурызында өтетін Словения құрамасына қарсы қонақ алаңда соңғы матчын өткізеді", - делінген хабарламада.

    Тізімге 15 ойыншы енген.

    Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет 17 жастағы "Ақтөбе" шабуылшысы Батырхан Кенжеғали шақырту алды.

    Әртүрлі себептермен Тайнан, Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай, Лео, Ринат Төреғазин және Серік Мәжитов құрамда жоқ.

    Футзалдан Қазақстан құрамасының тізімі:

    Қақпашылар: Игита ("Қайрат"), Нұрәлем Байдулла ("Рахмет").

    Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон, Біржан Оразов (барлығы – "Қайрат"), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де - "Аят"), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма (екеуі де – "Каспий"), Батырхан Кенжеғали ("Ақтөбе"), Нұрабек Қабылбаев ("Рахмет").

    Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу циклі аясында 9 қараша күні футзалдан Қазақстан құрамасы Черногория құрамасын қабылдайды.

    Матч Алматыда, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кездесу 20:00-де басталады деп жоспарланып отыр.

    Футзалдан Қазақстанның Черногорияға қарсы құрамы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.