jitsu gif
Спорт

    Мбаппе мен Месси емес: Катарда өтетін Әлем чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім

    жасыл алаң
    Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

    Екі күннен соң Катарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Төрткүл дүниенің отыз екі үздік командасы сынға түсетін турнирде ең қымбат футболшы кім? Бұл сауалға KAZ.NUR.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.

    Халықаралық спорттық зерттеулер орталығының (CIES)мәліметінше, Катарда өтетін әлем біріншілігінің ең қымбат футболшысы - Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем. Оның трансферлік құны 202 миллион еуро.

    Байрақты бәсекедегі ең қымбат бес футболшы:

    1. Джуд Беллингем (Англия, "Боруссия" Дортмунд») – 202 миллион еуро;

    2. Винисиус Жуниор (Бразилия, "Реал Мадрид") – 201 миллион еуро;

    3. Киллиан Мбаппе (Франция, "ПСЖ") – 185 миллион еуро;

    4. Педри (Испания, "Барселона") – 158 миллион еуро;

    5. Джамал Мусиала (Германия, "Бавария") – 151 миллион еуро.

    Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

    Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

    Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

    Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

    Мбаппе мен Месси емес: Катарда өтетін Әлем чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.