Футболдан әлем чемпионаты: Эквадор Катардан басым түсті
Опубликовано:

Футболдан Катардағы әлем чемпионаты басталды. Мундиалдың тұсаукесер матчында Катар және Эквадор құрамалары кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарыс қожайындары үшін әлемдік дода сәтсіз басталды. Катарлықтар Эквадорға 0:2 есебімен жол берді.
Матчтағы екі голды да Эннер Валенсия соққан. Ол ойынның 16-минутында 11 метрлік айыпп добын сәтті орындаса, 31-минутта команда басымдығын 2:0-ге жеткізген.
Осылайша, Эквадор үш ұпаймен А тобында көш бастады. Ертең бұл топта Сенегал және Нидерланд құрамалары кездеседі.
Әлем чемпионаты 18 желтоқсанға дейін жалғасады.
Свежая публикация по теме:
"Себеп көп": Бибосынов Әлем чемпионатында жеңілгенін мойындап, жанкүйерлерден кешірім сұрады
2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты
- Әлем чемпионаты: Модрич бастаған Хорватияның құрамы қандай
- Футболдан Әлем чемпионаты: Катардың стадиондарында сыра сатуға тыйым салынды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/1998154-futboldan-alem-cempionaty-ekvador-katardan-basym-tusti/