jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Әлем чемпионатының күнделігі: Екінші күннің нәтижелері

    Футболшы
    Фото: Stuart Franklin/Getty Images

    Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының екінші күнге жоспарланған барлық матчы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Екінші күні А тобында Нидерланд пен Сенегал құрамалары кездесті.

    Тартысты өткен матч 2:0 есебімен Луи Ван Гал жаттықтыратын батыс еуропалықтардың пайдасына шешілді.

    84-минутта Гакпо гол соғып, есеп ашса, матчтың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Классен кездесудің нүктесін қойды.

    Сонымен қатар 21 қараша күні жанкүйерлер В тобының барлық матчына куә болды.

    Англия мен Иран арасындағы кездесуде ағылшындар 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 35-минутында Джуд Беллингем есеп ашса, Букайо Сако 43, 62 минуттарда көзге түсіп, дубль авторы атанды. Сондай-ақ, Англия сапынан Рахим Стерлинг (45+1), Маркус Рашфорд (71) және Джек Грилиш (89) қарсылас қақпасын дәл көздеді. Иран құрамасының екі голын да Мехди Тареми соқты. Екінші гол ойынның соңғы минуттарында 11 метрліктен қақпаға енді. Бұл кездесу қосымша минуттардың көптігімен есте қалды. Иран қақпашысының жарақат алуына байланысты бірінші таймға 14 минут қосылса, төреші екінші таймға 10 минут уақыт қосты.

    В тобының екінші матчы АҚШ пен Уэльс арасында өтіп, Әлем біріншілігіндегі алғашқы тең есеп тіркелді. 36-минута Веа гол соғып, мұхиттың арғы жағынан келген команданы алға шығарды. АҚШ шабуылшысына нәтижелі пасты "Челсидің" жартылай қорғаушысы Пуличич берді. Ал 82-минутта Гарет Бэйл он бір метрлік айып добын сәтті орындап, есепті теңестіріп кетті.

    Футболдан Әлем чемпионатының күнделігі: Екінші күннің нәтижелері

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.