jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионаты: Иран футболшылары матч алдында әнұран айтудан бас тартты

    Иран құрамасының ойыншылары әнұран айтудан бас тартуда
    Иран құрамасы. Фото: Matthias Hangst / Staff / Getty Images

    Футболдан Иран құрамасының ойыншылары әлем чемпионаты аясында Англияға қарсы матч өткізді. Алайда олар елдің әнұранын орындаудан бас тартты.

    Sports.ru сайтының хабарлауынша, Катардағы алғашқы кездесуіне шыққан ирандық футболшылар елдің әнұраны қойылған кезде, бірге қосылып айтпаған. Ал жанкүйерлер команданың бұл қадамына ерекше қошемет көрсеткен.

    News.ru сайтының жазуынша, құраманың жартылай қорғаушысы Алиреза Джаханбахш матч басталмас бұрын футболшылар елдің әнұранын орындамайтынын айтқан.

    Осылайша, футболшылар Ирандағы наразалық акцияларының құрбандарын қолдайтынын білдірген.

    Еске салайық, Иранда қыркүйек айында хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұстаған Махса Амини есімді 22 жастағы қыздың өлімінен кейін наразылықтар басталған болатын.

    Қазан айында шерулерге мектеп оқушылары да қосылды.

    Ирандағы наразылықтар кезінде құқық қорғаушылардың мәліметінше, шамамен 400 ереуілші қаза тапқан. Тағы 16,8 мыңы қамауға алынған. Кем дегенде бес ереуілші өлім жазасына кесілген. Иран билігі шерулерді сыртқы жаулар ұйымдастырған тәртіпсіздіктер деп атады.

    Айта кетелік, Иран мен Англия арасындағы кездесуде ағылшындар 6:2 есебімен жеңіске жетті.

    Әлем чемпионаты: Иран футболшылары матч алдында әнұран айтудан бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.