Катардағы футболдан әлем чемпионаты өз мәресіне жақындап келеді. Ертең турнирдің фавориттері Бразилия мен Аргентина қатысатын алғашқы ширек финалдық матчтар өтеді.
Хорватия - Бразилия (21:00 Астана уақыты)
Хорватия төрт жыл бұрын "күмісті" жеңіп алып, 2022 жылғы әлем чемпионатына "қара жылқы" болып келді. Содан кейін команда ойынның жоғары деңгейін көрсетті, бірақ финалда Францияны жеңе алмады, бұл жағдай осы маусымда оларды одан мықтырақ нәтиже көрсетуге уәждеме болды. Топтан Златко Дедичтің шәкірттері 5 ұпаймен екінші орынға шығып, Канаданы жеңіп, Марокко мен Бельгиямен тең ойын көрсетті.
Плей-офф кезеңінде команда Жапониямен бетпе-бет кездесіп, ұзақ ойыннан кейін пенальти сериясында жеңіске жетті. Бразилиямен матчқа Хорватия құрамасы 10 жеңіс сериясымен келеді.
Бразилия әлем чемпионы атағын 6-рет жеңіп алуға тырысады. "Сары-жасылдар" біріншілердің қатарында топтан ерте шығып, ал плей-оффта матч басталғаннан бері 36 минут ішінде 4 гол соғып, Оңтүстік Кореяны ойсыра жеңді. Камеруннан тапқан жеңілісін қоспағанда, бразилиялықтар 19 халықаралық матчта жеңіліс көрген емес. Бірақ ширек финалдың басталуы "пентакампеондарды" алаңдатуда, өйткені дәл осы кезеңде олар соңғы 4 әлем чемпионатының үшеуінде ұшып кетті. Бұл жолы олардың көңілі қалуы мүмкін бе?
Parimatch коэффициенттері:
Хорватия - 9.90, Тең ойын - 5.10, Бразилия - 1.37
Нидерланды - Аргентина (1:00 Астана уақыты)
Плей-офф кезеңінде Нидерланды АҚШ-ты 3-1 есебімен жеңіп, чемпионаттағы ең жақсы нәтижесін көрсетті. Топтық кезең қоржынында 7 ұпай жинап, оңай өтіп кетті. Ван Гал командасымен мықты тірек пен сапалы шабуыл желісін құрастыра отырып, оларды шебер теңдестірді. Жаттықтырушы бірнеше рет "қызықсыз" ойын ұйымластырғаны үшін айыпталды, бірақ нәтижелері айдан анық көрініп тұр — "қызғылт сарылар" 19 матчтан тұратын жеңістер сериясын жалғастыруда. Бетпе-бет кездесулер статистикасы Нидерландыға қарай иіліп отыр: командалар барлығы 9 рет кездесті, олардың біреуі ғана Аргентинаның жеңісімен аяқталған.
Аргентина Сауд Арабиясымен таңқаларлық сәтсіздіктен кейін өз позициясын айтарлықтай жақсартты, бірақ команданың тұрақтылығына күмән әлі де бар. Австралиямен матч жанкүйерлер қалағандай шешуші жеңіспен аяқталған
жоқ. Сонымен қатар, "ақ-көктер" Нидерландымен соңғы үш кездесуде бірде-бір гол соға алмады. Алайда, әрқашан мүмкіндік бар және біз нәтижелі матч өтетініне үміт артамыз.
Parimatch коэффициенттері:
Нидерланды - 3.65, Тең ойын - 3.20, Аргентина - 2.28
Parimatch-пен 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік матчтарын тамашалаңыз және 500 000 000 теңгеге пәтерлер, қолма-қол ақша, PS5, iPhone 14 Pro және т.б. жүлделер ұтысына қатысыңыз.Ұтыс ойындары әр дүйсенбі сайын сағат 17:00-де "PM Kazakhstan" Youtube-арнасында өтеді.
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
- Әлем чемпионаты: Қандай құраманың фаворит екені белгілі болды
- 18 жылдан бері қосалқы құрамда қалмаған Роналду матчтан соң не айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2000737-ac-2022-sirek-finaldyn-algasqy-matctarynda-nege-konil-audaru-kerek/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.