jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Роналдудың ұлттық құрамадан кетемін деп қорқытқаны рас па

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Tibor Illyes - Pool/Getty Images

    Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдудың басынан дау кетер емес. Плей-офф кезеңінде Швейцарияға қарсы негізгі құрамда шықпаған ойыншының артынан көп сөз еруде, деп жазады Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оңтүстік Корея құрамасымен өткен ойында 65-минутта алмастырылып, кейін Швейцарияға қарсы матчта алаңға 73-минутта ғана шыққан Роналду жайлы тағы бір ақпар шықты.

    Foot Mercato және Record басылымдарының жазуынша, Криштиану өзін негізгі құрамда алаңға шығармаған соң, командадан кетпек болған. Сондай-ақ, құраманың жаттығуына қатыспады деген мәлімет тарады. Ал футболшының әпкелері қалдырған жазбалар отқа май құя түсті.

    "Мен оның үйге қайта оралып, құрамадан кетіп, қасымызда болғанын қатты қалаймын. Біз оны құшақтап, бәрі жақсы екенін айтар едік. Оның қайдан шығып, қандай жетістікке жеткенін айтып, ол жерден кетіп қалуға шақырар едік. Біздің қалай қиналғанымызды білмейсіздер", - деді футболшының әпкесі Катя Авейру.

    Ал Роналдудың тағы бір әпкесі Элма футболшыға қолдау көрсетпеген жанкүйерлерді сынаған. Осы орайда, бұл мәселеге футболшының өзі нүкте қойды. Ол жас әрі талантты футболшыларды қолдайтынын айтып, Португалияның жеңісіне сенімді екенін жеткізді.

    Сонымен бірге, Португалия футбол федерациясы да Криштианудың құрамадан кетпек болғанын жоққа шығарды.

    Роналдудың ұлттық құрамадан кетемін деп қорқытқаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.