jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Олардың қылықтары ұят": Ағылшындық ойыншы қарсыласты мазақтаған Аргентина құрамасына шүйлікті

    Футболист Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Richard Sellers / Getty Images

    Англия құрамасының мен "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы Гарри Невилл аргентиналық футболшыларды Катардағы әрекетін сынға алды. Бұл туралы Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    9 желтоқсан күні өткен ширек финалдық матчта Аргентина мен Нидерланд ойыншылары арасында жанжал жиілеп кетті. Ал бас төреші Матеу Лаос жалпы есебі 15 сары қағаз көрсетті, оның жартысын аргентиналықтар алған.

    "Аргентиналық қорғаушылар үнемі ашулы жүреді және төбелеске дайын тұратын. Бірақ Нидерландпен өткен матчта олар тым артық кетті. Өздерін жабайылау ұстайды, ал кейбір әрекеттері өте ұят еді. Футболдағы ғұмырымда гол соғып, қарсыластың жанкүйері алдында тойлаған кезім болды. Бірақ ойын соңында әрдайым қарсыластың қолын қысатынмын", - дейді Невилл.

    Ширек финалдық матч кезінде әлемге әйгілі Мессидің өзі қарсыластарға дөрекі сөйлеп, өзге ойыншылар нидерландық ойыншыларды келемеждеген.

    Айта кетелік, Аргентина мен Хорватия құрамалары бүгін әлем чемпионатының жартылай финалында ойнайды.

    "Олардың қылықтары ұят": Ағылшындық ойыншы қарсыласты мазақтаған Аргентина құрамасына шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.