jitsu gif
Спорт

    Месси мен Мбаппе атақты Марадонаның жетістігін қайталады

    Месси
    Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

    Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси мен Франция құрамасының шабуылшысы Киллан Мбаппе атақты футболшы Диего Марадонаның жетістігін қайталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айта кетейік, Аргентина мен Франция арасындағы финалдық матч 3:3 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында оңтүстік америкалық ұжымның жолы болды.

    Аталған кездесуде Франция шабуылшысы Киллиан Мбаппе хэт-триктің авторы атанса, Лионель Месси екі мәрте мергендігімен көзге түсті.

    Осылайша, қос футболшы Аргентина құрамасының шабуылшысы Диего Марадонаның 1986 жылғы Әлем чемпионатындағы жетістігін қайталады. Бұған дейін ол төртжылдықтың ірі додасында он нәтижелі әрекетпен көзге түскен жалғыз ойыншы еді. Мексикада өткен мундиальда Марадона бес гол соғып, бес нәтижелі пастың авторы атанған.

    Айта кетейік, Катардағы Әлем чемпионатында Мбаппе сегіз рет мергендігімен көзге түсіп, екі доптың қарсыластың қақпасына кіруіне мұрындық болса, Мессидің турнирде жеті рет қанжығасы майланған. Сонымен қатар оның еншісінде үш нәтижелі пас бар.

    Месси мен Мбаппе атақты Марадонаның жетістігін қайталады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.