Футболдан үш дүркін әлем чемпионы атанған, футбол королі Пеленің қазасына қатысты Бразилияда үшкүндік аза тұту жарияланды. Құжат бейсенбі күні Diário Oficial da União үкімет басылымында жария етілді, деп жазады ТАСС.
"Бұрынғы футболшы Эдсон Арантис ду Насимент, Пеленің өліміне байланысты жалпыға ортақ үшкүндік аза тұту аталған бұйрық жарияланғаннан күннен бастап жарияланады", - делінген жарлық мәтінінде.
Пеле Бразилиядағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Ол 29 қарашада шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген болатын. Футболшы соңғы екі жылда тоқ ішектің қатерлі ісігімен күресіп, жеңіліске ұшырады. Ол 29 желтоқсанда 82 жасында көз жұмды.
Пеле футболшы ретінде әлем чемпионатында үш рет жеңіске жеткен жалғыз ойыншы. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары Бразилия сапында әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол соққан. Бұл рекорды 50 жыл бойы сақталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003711-alemdik-futbol-qara-zamyldy-aigili-pelenin-qazasyna-bailanysty-braziliyada-uskundik-aza-tutu-zariyalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.