jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Мәңгі эталон": Әлемге танымал тұлғалар Пеленің қазасына қайғырып көңіл айтуда

    Пеле
    Фото: instagram.com/pele

    Әлемдік қауымдастық бразилиялық Пеленің қазасына қатысты көңіл айтып жатыр. Бес мәрте "Алтын допқа" қол жеткізген Криштиану Роналду өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Пелені "футболдың мәңгі эталоны" деп атады. Одан бөлек, АҚШ президенті Джо Байден Пеленің әлемдік футбол әлемінде бәрі де мүмкін екенін дәлелдеген бірегей тұлға болғанын еске салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бразилия халқына және отбасына қайғырып көңіл айтамын. "Қош бол" деп айта салу әлемдік футбол әлемінің қазіргі күйін сипаттауға аздық етеді. Миллиондаған көрерменге шабыт сыйлаған, мәңгі эталон, маған деген махаббатыңа алыста болсам да мен де махаббатпен жауап беретінмін. Ол ешқашан ұмытылмайды және ол туралы жылы естеліктер футболды сүйетін әр адамның жүрегінде қалады", - деп жазды Роналду.

    Баризилия құрамасының шабуылшысы Неймар Пеле футболды өзгерткенін мәлімдеді.

    "Пеле бәрін өзгертті, ол футболды өнерге айналдырды. Бұл арқылы ол қара нәсілділерге және кедейлерге дауыс құқығын сыйлады. Әсіресе, Бразилияны танытты. Корольдің арқасында Футбол мен Бразилияның мәртебесі артты. Ол кетті, бірақ оның сиқыры қалады. Пеле мәңгілік", - деп жазды Неймар.

    Ал ПСЖ ойыншысы, ранция құрамасының фораврды Киллиан Мбаппе әлеуметтік желіде Пеленің ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

    "Футбол королы бізбен қош айтысты, бірақ оның мұрасы ешқашан ұмытылмайды. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды ол.

    Лионель Месси әлеуметтік желіде "Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды ол.

    Италияның премьер-министрі Джордж Мелони, Аргентина президенті Альберто Фернандес, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, АҚШ президенті Джо Байден, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия халқына қайғыра көңіл айтты.

    Джо Байден өзінің Twitter-дегі парақшасында:

    "Әлем халқын байланыстырып тұрған спорт үшін Пеленің қарапайым ойыншыдан футол короліне дейін жетуі – бұл өмірде бәріне де қол жеткізу мүмкін екенін көрсететін оқиға", - деп жазды.

    "Мәңгі эталон": Әлемге танымал тұлғалар Пеленің қазасына қайғырып көңіл айтуда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.