jitsu gif
Спорт

    Роналду "Әл-Насрға" ауысқан соң клубтың Instagram парақшасына 3,5 млн адам қосылған

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду Мароккоға қарсы кездесуден соң. Фото: Twitter/Fifa World Cup

    Әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі Криштиану Роналду Сауда Арабиясында өнер көрсететін клубқа ауысқан соң "Әл-Насрдың" Instagram парақшасына көптеген жанкүйер тіркеліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін Криштиану Роналду "Әл-Наср" ойыншысы атанды.

    Португалиялық сұрмерген ауысқанға дейін клубтың Instagram желісінде 860 мыңдай оқырман болатын. Қазіргі уақытта оның саны 4 миллион 300 мыңға жетті. Яғни бір күннің ішінде "Әл-Наср" клубының Instagram желісіндегі парақшасына 3,5 миллиондай жанкүйер қосылып отыр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін футболшының 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқаны белгілі болған. Оның жылдық базалық табысы - 75 миллион доллар.

    Ал коммерциялық төлемдер мен амбассадор рөліндегі кірістерді қоса есептегенде ол 200 миллион доллар жалақы алмақ.

    Роналду "Әл-Насрға" ауысқан соң клубтың Instagram парақшасына 3,5 млн адам қосылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.