jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жаттығу жұмыстарына қатысты": Роналду "Әл-Наср" сапындағы алғашқы матчын қашан өткізеді

    Роналду
    Роналду "Әл-Наср" дайындығында. Фото: Twitter/AlNassr FC

    Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапындағы алғашқы жаттығу жұмыстарына қатысқаны белгілі. Португалиялық сұрмерген Сауд Арабиясының чемпионатында өнер көрсететін клубтың бүгінгі матчына қатыса ма? Бұл сауалға KAZ.NUR.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.

    Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубының 5 және 12 қаңтардағы екі ойынына қатыса алмайды.

    Өйткені, шабуылшыны Англия футбол қауымдастығы (FA) қараша айында екі матчқа шеттеткен. Ол кезде Роналду "Манчестер Юнайтед" ойыншысы еді.

    Белгілі болғандай, Португалия құрамасының капитанына аутизммен ауыратын баланың телефонын сындырды деген айып тағылып отыр.

    Айта кетейік, Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" клубы 2025 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырды.

    Португалиялық сұрмерген ауысқанға дейін клубтың Instagram желісінде 860 мыңдай оқырман болатын. Қазіргі уақытта оның саны 9 миллион 400 мыңға жетті. Яғни бірнеше күннің ішінде "Әл-Наср" клубының Instagram желісіндегі парақшасына сегіз жарым миллионнан астам жанкүйер қосылып отыр.

    "Жаттығу жұмыстарына қатысты": Роналду "Әл-Наср" сапындағы алғашқы матчын қашан өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.