Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы хорватиялық қақпашымен келісімшартқа отырды

Опубликовано:

қақпашы
Йосип Хондрич "Астана" ойыншысы атанған сәт. Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

Йосип Хондрич "Астана" сапына қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 жастағы қақпашы мансабының көп бөлігін Хорватияда өткізген.

Ол "Рудеш", "Истра", "Загреб" секілді клубтардың намысын қорғады.

2020 жылы Хондрич Ресейге қоныс аударып, футболдан Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Ротордың" жейдесін киді.

Қақпашының соңғы клубы - босниялық "Зриньски" командасы. Йосип Хондрич аталған ұжым сапында чемпиондыққа қол жеткізіп, 38 ойынның 20-сында қақпасынан доп жібермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2006859-astana-futbol-kluby-xorvatiyalyq-qaqpasymen-kelisimsartqa-otyrdy/