jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Ақтөбе" сапынан кетті

    Футболшы
    Рамазан Оразов Өзбекстанға қарсы матчта. Фото: ҚФФ

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Ақтөбе" сапынан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Айта кетейік, жартылай қорғаушы "Ақтөбеге" 2021 жылғы маусымның ортасында ауысқан. Сол уақыттан бері ол клуб сапында 37 матч өткізді.

    Өз кезеегінде Рамазан Оразов “Ақтөбе” жанкүйерлерімен қоштасып, алғысын білдірді.

    "Міне, “қош” дейтін кез де келіп жетті. “Ақтөбеде” мансабымның тамаша бір кезеңін өткіздім десем артық болмас. Ал енді біздің жолымыз екі айрылып отыр. Барлық "ақ-қызыл" жанкүйерлеріне Ақтөбенің Орталық стадионындағы керемет атмосфера үшін алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар басшылыққа алғыс білдіріп, командаға алдағы маусымда тек сәттілік тілеймін. Көріскенше, "Ақтөбе", - деді ол.

    Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы "Ақтөбе" сапынан кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.