jitsu gif
Спорт

    Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

    Тимофей Скатов
    Тимофей Скатов. Фото: ktf.kz

    Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ракетасы Тимофей Скатов Чилидің Консепсьон қаласында өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Қазақстандық теннисші ширек финалда турнирдің 2-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездесті.

    Тартысты өткен матчта Тимофей Скатов 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

    Екі сағат 29 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

    Енді Петропавл қаласының түлегі финалға шығу үшін әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен кездеседі.

    Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.