jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қайрат" футбол клубының оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды

    футболшы
    Дамир Қасабулат жасыл алаңда. Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайты

    "Қайрат" футбол клубының ағымдағы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық ұжымның ресми сайтына сілтеме жасап.

    "Қайраттың" ағымдағы оқу-жаттығу жиыны ақпан айының соңына дейін жалғасады.

    Осы уақытта "сары-қаралар" клубтың спорттық базасында төрт бақылау кездесуін өткізбек.

    Содан соң Кирилл Кекердің шәкірттері Ташкентке барып, жергілікті "Пахтакормен" жолдастық матч ойнайды.

    Бақылау ойындарының кестесі:

    11 ақпан. "Қайрат" – "Дордой" (Бішкек, Қырғызстан),

    11 ақпан. "Қайрат" – "Қайрат-Жастар",

    18 ақпан. "Қайрат" – "Елімай" (Семей),

    18 ақпан. "Қайрат" – "Жас Қыран" (Алматы),

    25 ақпан. "Пахтакор" (Ташкент, Өзбекстан)  – "Қайрат".

    "Қайрат" футбол клубының оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.