jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Криштиану Роналду әлемдегі ең ұлы спортшылардың тізіміне енбей қалды

    Роналду
    Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

    Morning Consult аналитикалық компаниясы америкалықтар арасында сауалнама жүргізіп, әлемдегі ең ұлы спортшылардың тізімін жасаған. Бұл туралы "Спорт экспресс" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сауалнама қорытындысы бойынша, "Чикаго" командасының бұрынғы ойыншысы Майкл Джордан әлемдегі ең ұлы спортшы болып танылған. Ол 19 пайыз дауыс жинап, көш бастады.

    Екінші сатыға 12 пайыз дауыспен Ұлттық футбол лигасының жеті дүркін чемпионы Том Брэди орналасты.

    Ал әлемнің үздік боксшыларының бірі Мұхаммед Әли 8 пайыз дауыспен үшінші орынға тұрақтады.

    Ал жанкүйерлердің таңдауы Криштиану Роналдуға түспеген. Ол тарихтағы ұлы спортшылардың алғашқы ондығына да енген жоқ.

    Жанкүйерлер таңдауы бойынша тарихтағы ұлы спортшылар:

    1. Майкл Джордан — 19 пайыз

    2. Том Брэди — 12 пайыз

    3. Мұхаммед Әли — 8 пайыз

    4. Бэйб Рут — 7 пайыз

    5. Коби Брайант — 5 пайыз

    6. Леброн Джеймс — 4 пайыз

    7. Джим Торп — 4 пайыз

    8. Лионель Месси — 3 пайыз

    9. Пеле — 3 пайыз

    10. Серена Уильямс — 3 пайыз.

    Криштиану Роналду әлемдегі ең ұлы спортшылардың тізіміне енбей қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.