Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" сапында доп тепкен атақты футболшы 31 жасында клубсыз қалды

Опубликовано:

Хамес Родригес
Хамес Родригес "Олимпиакос" клубы жейдесінде. Фото: Twitter/Olympiacos FC

Колумбия құрамасының бұрынғы капитаны Хамес Родригес клубсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты жартылай қорғаушының соңғы өнер көрсеткен клубы грекиялық "Олимпиакостың" баспасөз қызметі Twitter желісіндегі парақшасында растады.

Белгілі болғандай, 31 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

Хамес Родригес "Олимпиакоспен" 2022 жылдың қыркүйегінде келісімшартқа отырған. Ол аталған ұжым сапында 23 матч өткізіп, бес гол соқты және алты нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, Хамес Родригес мансабында "Порту", "Монако", "Реал Мадрид", "Бавария", "Эвертон" секілді клубтарда доп тепкен. Оның соңғы өнер көрсеткен командасы грекиялық - "Олимпиакос".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016706-real-madrid-sapynda-dop-tepken-ataqty-futbolsy-31-zasynda-klubsyz-qaldy/

pixel